ҚазҰМУ жүйке аурулары кафедрасының мамандары Атырауда орфандық аурулар бойынша ғылыми-практикалық семинар өткізді
ҚазҰМУ жүйке аурулары кафедрасының мамандары Атырауда орфандық аурулар бойынша ғылыми-практикалық семинар өткізді

2026 жылғы 13 қарашада Атырау қаласында «Неврологиядағы кейбір орфандық ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи қағидаттары» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өтті. Іс-шара жүйке-бұлшықет аурулары бар пациенттерді диагностикалау, емдеу және динамикалық бақылау мәселелерін талқылау мақсатында өңірдің невролог дәрігерлерін біріктірді

ҚазҰМУ сарапшысы Тбилисиде өткен шашыранды склероз жөніндегі халықаралық конференцияда университет атынан қатысты
ҚазҰМУ сарапшысы Тбилисиде өткен шашыранды склероз жөніндегі халықаралық конференцияда университет атынан қатысты

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті жүйке аурулары кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD Клара Қанатқызы Алмаханова 13–15 қараша аралығында Тбилиси қаласында (Грузия) өткен «Шашыранды склероз: перспективалы нысаналар мен терапиялық стратегиялар» (Multiple Sclerosis: Emerging Targets and Therapeutic Strategies) атты халықаралық ғылыми конференцияға қатысты

ҚазҰМУ деменциясы бар адамдардың отбасыларын қолдауға бағытталған ағартушылық жұмысын жалғастыруда
ҚазҰМУ деменциясы бар адамдардың отбасыларын қолдауға бағытталған ағартушылық жұмысын жалғастыруда

2026 жылғы 11 қарашада Алматыда Альцгеймер ауруына шалдыққан және деменцияның басқа түрлері бар адамдардың туыстарына арналған дөңгелек үстел қазақ тілінде өтті. Іс-шараны С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Жүйке аурулары кафедрасы мен Қазақстандық Альцгеймер ауруы және деменция альянсы ұйымдастырды

Шымкентте "Пәнаралық неврология – 2026"  халықаралық конгресі өтті
Шымкентте "Пәнаралық неврология – 2026" халықаралық конгресі өтті

2026 жылғы 5-6 қарашада Шымкент қаласында Ұлыбритания, Испания, Түркия, Малайзия, Иран, Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Грузия және Қазақстанның жетекші ғалымдарын, халықаралық сарапшылары мен тәжірибелік мамандарын біріктірген "Пәнаралық неврология – 2026" халықаралық конгресі өтті

Павлодар қаласында жұлын бұлшықет атрофиясы бар ересек пациенттерді диагностикалау және динамикалық бақылау мәселелеріне арналған білім беру семинары өтті
Павлодар қаласында жұлын бұлшықет атрофиясы бар ересек пациенттерді диагностикалау және динамикалық бақылау мәселелеріне арналған білім беру семинары өтті

С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың жүйке аурулары кафедрасы Қазақстан Республикасында 2025–2027 жылдарға арналған ересек тұрғындарға көрсетілетін неврологиялық көмекті жетілдіру жөніндегі Жол картасында (2025 жылғы 23 қаңтардағы № 03324) көзделген денсаулық сақтау саласының практикалық мамандарын каскадтық оқыту әдісін іске асыру аясында білім беру іс-шараларының сериясын жалғастыруда

ҚазҰМУ-дың жүйке аурулары кафедрасы – жас ғылыми кадрларды даярлау орталығы: резиденттердің халықаралық байқаудағы жетістігі
ҚазҰМУ-дың жүйке аурулары кафедрасы – жас ғылыми кадрларды даярлау орталығы: резиденттердің халықаралық байқаудағы жетістігі

2026 жылғы 4 қарашада Шымкент қаласында «Пәнаралық неврология – 2026» халықаралық конгресі аясында жас ғалымдар байқауы өтті. Байқауға Қазақстан, Өзбекстан және Ресей Федерациясынан келген жас зерттеушілер қатысты. Аталған байқау ғылыми зерттеулерді таныстыруға, кәсіби тәжірибе алмасуға және университеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға арналған маңызды халықаралық алаңға айналды